Categories Жайық news

Тоқаевқа Конституцияның жаңа нұсқасы таныстырылды: Ата Заң референдумға шығарылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссияның жұмыс нәтижесімен танысып, Ата Заңның жаңа жобасын халық талқысына шығаруды қолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.

Эльвира Әзімова комиссияның бұған дейінгі отырыстарындағы талқылаулар барысында Конституцияның түбегейлі жаңа мәтіні әзірленгенін баяндады. Комиссия мүшелерінің айтуынша, жаңа преамбула мен бірқатар баптардың мазмұны еліміздің конституциялық үлгісін айтарлықтай жаңғыртады. Бұл өзгерістер саяси институттарды жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болады.

Осыған орай, комиссия бұл жобаны Конституцияның жаңа нұсқасы ретінде қарастырып, оны жалпыхалықтық талқылауға ұсыну қажеттігін жеткізді.

Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтіп, Конституцияның жаңа нұсқасын халықтың қарауына шығару маңызды екенін айтты.

«Жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді қазақстандықтар республикалық референдумда қабылдайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Конституциялық комиссия жаңа Ата Заң жобасы бойынша жұмысты әрі қарай жалғастырады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…