Categories Жайық news

Tesla дәуірі аяқталды ма? Илон Маск Model S пен Model X орнына Optimus роботтарын шығармақ

Tesla компаниясы келесі тоқсаннан бастап Model S және Model X электромобильдерін шығаруды тоқтатады, ал олар құрастырылған зауыт адам тәріздес Optimus роботтарын өндіруге қайта жабдықталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы компания басшысы Илон Маск мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл оңай шешім болмаған, алайда компания енді өз болашағын автономды технологиялар мен робототехникамен байланыстырады.

«Бұл – Tesla-ның ең ескі екі моделінің құрметті демалысқа шығуы», – деп атап өтті Маск.

Компания жылына 1 миллионға дейін Optimus роботын шығаруды жоспарлап отыр. Осылайша, Tesla электромобиль нарығындағы көшбасшылықтан бөлек, робот өндірісінде де жаңа стандарт орнатуға ниетті.

Model S моделі 2012 жылдан бері шығарылып келеді. Ол соңғы рет жақында ғана елеусіз өзгерістерге ұшырап, жүріс қоры арттырылған еді. Ал 2015 жылы таныстырылған Model X кроссовері ұзақ уақыт бойы айтарлықтай жаңартусыз сатылып, тек өткен жылдың соңында ғана біраз жетілдірілді.

Флагмандық модельдер өндірістен алынғаннан кейін Tesla Model 3, Model Y және Cybertruck көліктерін шығаруды жалғастырады.

Фото: x.com/Tesla

Ұқсас жазбалар

Қазақстан 1995 жылғы Конституциямен қош айтыса ма?

Конституциялық комиссия мүшелері түзету енгізудің орнына Ата заңның жаңа мәтінін қабылдау мүмкіндігін талқылап жатыр. Түпкілікті…

A metallic briefcase full of US dollar bills, symbolizing wealth and investment.

Ұлттық қордан 1 млрд доллар бөлінеді: Ақша мұнай саласына жұмсалмайды

Ұлттық банк Ұлттық қордан 1 млрд доллар бөліп, оны жеке сектор жобаларына бағыттайды. Қаржы мұнай…

Конституциялық комиссия отырысында жаңа Ата Заң мәселесін қарау ұсынылды

Комиссия жұмысы өте қызу өтуде. Бұл жерде әртүрлі көзқарастар айтылды, түрлі бағалар берілді, сұрақтар мен…