Categories Жайық news

ҰЭМ Халықаралық валюта қорының есебімен келіспеді: «Бұл – трансформация»

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақстан экономикасы туралы есебін жариялап, оның «шектен тыс қызып кету» қаупі барын мәлімдеді. Алайда Ұлттық экономика министрлігі бұл бағамен келіспейтінін білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

ХВҚ сарапшыларының пікірінше, 2025 жылғы экономикалық өсімге мұнай өндірісінің артуы және шикізаттық емес сектордағы белсенділік ықпал еткен. Мемлекеттің ынталандыру саясатынан туындаған жоғары ішкі сұраныс пен сыртқы факторлар инфляцияның мақсатты деңгейден едәуір асып кетуіне әкелген. Осыған байланысты ақша-несие саясаты қатайтылып, ұлттық валюта бағамында құбылмалылық байқалған.

Қордың есебінде геосаяси тәуекелдер мен әлемдік саудадағы шиеленістердің ел экономикасына әсері шектеулі болғаны айтылған. Бұған сауда бағыттарын әртараптандыру, АҚШ тарифтерінің тікелей әсерінің аздығы және едәуір бюджеттік, қаржылық резервтер себеп болған.

«Негізгі құрылымдық реформаларды жүзеге асыруға деген ұмтылыс шектеулі және сайлау кезеңі жақындаған сайын одан әрі әлсіреуі мүмкін. Тұрақты жоғары инфляция пайыздық мөлшерлеменің тарихи максимумға жетуіне әкеліп, үй шаруашылықтарының әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр», – делінген ХВҚ есебінде.

Бұл бағалаумен Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ) келіспей, жауап ретінде ресми мәлімдеме таратты. Министрлік ХВҚ-ның «шектен тыс қызу» қаупі туралы пікірі елдегі құрылымдық өзгерістерді ескермей, қосымша сараптаманы қажет ететінін атап өтті.

«Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау экономиканың артық кеңею емес, салауатты трансформация кезеңінде тұрғанын көрсетеді. Қазіргі динамика «шектен тыс қызуды» емес, кезең-кезеңімен жүріп жатқан құрылымдық өзгерісті білдіреді», – деп мәлімдеді ҰЭМ.

Ведомствоның дерегінше, 2025 және 2026 жылдары экономиканың негізгі қозғаушы күші шикізаттық емес сектор болып қала береді. Сондай-ақ 2025 жылдың қазанынан бастап жылдық инфляцияның баяулау үрдісі байқалған (қыркүйекте – 12,9%, желтоқсанда – 12,3%). Болжам бойынша, биыл инфляция деңгейі төмендеп, жыл соңына қарай 9-11% мақсатты дәлізінде қалыптасады.

Ұқсас жазбалар

Сарапшы: Өзбекстан Қазақстанның бұрынғы жолын қайталап келеді

Сарапшы Айбар Олжайдың пікірінше, Өзбекстан өзін жаңа экономикалық модель ұсынушы ретінде көрсеткенімен, Қазақстанның жүріп өткен…

Қазақстанда пойыз билеттері 25% арзандады: қай бағыттарға жеңілдік бар?

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы еліміздегі үш бағыт бойынша пойыз билеттеріне 25% қысқы жеңілдік жариялады. Акция аптаның…

Ақордада кадрлық өзгеріс: Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Смадияров президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін…