Categories Жайық news

Иран ультиматумды қабылдамады: АҚШ шабуыл жасаса, Израиль нысанаға айналады

Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісе түсті: Тегеран АҚШ пен Израильден дипломатиялық арналар арқылы келген ескертулерді қабылдамай, кез келген әскери соққыны толыққанды соғыс деп бағалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Парсы тіліндегі БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ Иранға «шектеулі әскери соққы» жасауы мүмкін екенін, ал Тегеран оған келісуі немесе тек символдық жауаппен шектелуі тиіс екенін жеткізген. Алайда Иран билігі бұл талаптан үзілді-кесілді бас тартып, өз аумағына жасалған кез келген шабуыл соғыс ашумен тең екенін қатаң ескертті. Бұған дейін мұндай талаптар Қасым Сүлеймени өлтірілгенде және былтырғы қақтығыстарда да қойылған болатын.

Сонымен қатар, Израиль де араағайындар арқылы Тегеранға арнайы хабарлама жолдап, АҚШ-тың ықтимал шабуылына қатыспайтынын айтқан. Осыған орай Ираннан Израиль аумағына соққы жасамауды сұраған. Бірақ Тегеран бұл ұсынысты да қабылдамады.

Иран билігі егер АҚШ әскери операция бастаса, Израильдің де негізгі нысаналардың біріне айналатынын ресми түрде мәлімдеді. Сарапшылар Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың соңғы қатаң мәлімдемелерін осы жауаппен байланыстырады.

Иран аймақтағы барлық көрші елдерге, Бакуден Эр-Риядқа дейінгі мемлекеттерге ресми ескерту жіберген. Онда Иранға шабуыл жасау үшін өз жерін, әуе кеңістігін немесе су айдынын пайдалануға рұқсат берген кез келген ел тікелей жау ретінде қарастырылатыны айтылған.

Дереккөздердің айтуынша, осы факторларға байланысты АҚШ өткен аптада жоспарланған әскери операцияны кейінге қалдырған. Дегенмен, Вашингтон аймаққа қосымша әскери-әуе және теңіз күштерін, сондай-ақ ауқымды әскери техника тартуды жалғастыруда. Бұл әрекеттер Иранды тежеу және жағдайдың одан әрі ушығуына дайындық ретінде бағаланып отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…