Categories Жайық news

Мектеп пәндерін біріктіру: Оқу-ағарту министрлігі даулы реформадан бас тартты

Қазақстанда мектеп пәндері біріктірілмейтін болды. Оқушылар алгебра, геометрия, физика, химия және биологияны бұрынғыдай жеке-жеке оқиды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім мұғалімдер қауымдастығымен талқылаудан кейін қабылданған.

«Біз бұл мәселені ұстаздар қауымымен талқылап, жағдайды талдадық. Цифрлық әлемде балаларымыз іргелі пәндерді жақсы білуі үшін бұл реформаны тоқтаттық. Барлық пән жеке-жеке оқытылады», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов жаңа мемлекеттік білім стандарты аясында бірнеше пәнді біріктіруді ұсынған еді.

Сол кездегі жоспар бойынша алгебра мен геометрияны «математикаға», ал физика, химия және биологияны «жаратылыстану ғылымдары» пәніне біріктіру көзделген. Сондай-ақ, дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «әлеуметтік ғылым» деген бір пәнге топтастыру туралы да сөз болған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…