Categories Жайық news

CSIS зерттеуі: Ресей Екінші дүниежүзілік соғыстан бері мұндай шығынға ұшырамаған

Америкалық Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (CSIS) Ресей мен Украина соғысындағы адам шығынына қатысты есебін жариялады. Сарапшылардың дерегінше, Ресейдің жалпы шығыны 1,2 миллион адамға жеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Орталық сарапшыларының бағалауынша, 2022 жылғы ақпаннан бергі соғыста Ресей тарапынан қаза тапқандар мен жараланғандардың жалпы саны 1,2 миллионға жуықтайды. Оның ішінде 325 мыңы қаза тапқан.

Бұл деректер BBC Орыс қызметі мен «Медиазона» басылымының ашық дереккөздерге сүйеніп жасаған есебімен шамалас. Алайда жараланғандардың нақты санын есептеу өте қиын, себебі олар емделіп, қайтадан майданға аттануы мүмкін.

«Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің бірде-бір жетекші мемлекеті ешбір соғыста дәл мұндай ауыр шығынға ұшырап көрген емес», — делінген CSIS есебінде.

CSIS есебіне сәйкес, Украина Қарулы күштерінің шығыны 500-600 мың адам аралығында болуы мүмкін. Оның ішінде қаза тапқандар саны – 100 мыңнан 140 мыңға дейін жетеді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…