Categories Жайық news

Трамп: Еуропа Гренландияны емес, Украинадағы соғысты ойлауы керек

АҚШ президенті Дональд Трамп NBC News арнасына берген сұхбатында Гренландияны АҚШ-қа қосып алу талпынысына қарсылық танытқан Еуропа көшбасшыларын тағы да сынға алды. Ол Еуропа елдері бұл мәселеге араласпай, Украинадағы соғысқа назар аударуы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Трамптың сөзінше, Гренландия аралы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қорғау үшін стратегиялық маңызға ие. Осыған байланысты ол еуропалық саясаткерлердің бұл бастамаға тосқауыл қоюын орынсыз деп санайды.

«Еуропа Ресейдің Украинамен соғысына назар аударуы керек, өйткені, шынын айтқанда, мұның бәрі неге әкеліп соққанын көріп отырсыздар. Еуропа Гренландияға емес, осыған бас қатыруы тиіс», – деді Трамп.

Сұхбат барысында журналист АҚШ президентінен «Гренландияны күшпен басып алуыңыз мүмкін бе?» деп сұрады. Бұл сауалға Дональд Трамп нақты жауап беруден бас тартып, «Түсініктеме бермеймін» деп қысқа қайырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…