Categories Жайық news

АҚШ Мадуроны ұстау операциясында адам төзгісіз дыбыстық қару қолданған – New York Post

АҚШ арнайы жасағы Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстау операциясы кезінде жаңа, белгісіз акустикалық қаруды қолданған болуы мүмкін. Бұл технология қарсыластың басын айналдырып, мұрнынан қан кетуіне себеп болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы New York Post басылымы қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкерімен жасалған сұхбат стенограммасына сілтеме жасап жазды. Басылым дерегінше, америкалық күштер Венесуэла қауіпсіздік қызметін кәдімгі оқ-дәрісіз-ақ, күшті дыбыстық технология арқылы тез залалсыздандырған.

Оқиғаға куә болған адамның айтуынша, бұл технология Венесуэла қорғанысын аз күшпен әрі тиімді түрде басып-жаншуға мүмкіндік берген. Дыбыстық қарудың әсерінен адамдардың басы қатты айналып, тіпті қан кету жағдайлары тіркелген.

Алайда Пентагон бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ әскерінде микротолқын немесе лазерге негізделген бағытталған энергия қарулары бойынша зерттеулер бар екені белгілі. Дегенмен, олардың нақты бір операцияда қолданылғаны туралы ресми дерек жоқ.

New York Post жариялаған бұл деректер әлі де расталмаған. Ақпарат негізінен куәгерлердің сөзіне және түрлі қауесетке сүйеніп отыр, сондықтан оқиғаның анық-қанығын білу үшін қосымша тексеру қажет.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден озды

Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы 84 жасында өмірден озды. Ол ҚМДБ негізін қалаушылардың бірі…

Шымкенттегі мектептерге шабуыл: Полиция қауіпті ақпаратқа қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

Шымкентте мессенджерлер арқылы мектептерге шабуыл жасалады деген жалған ақпарат тарады. Полиция қауіпсіздік шараларын күшейтіп, халықты…

Түркия Иранға қатысты өз ұстанымын жариялады: «Әскер кіргізуге қарсымыз»

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкараның Иранға кез келген әскери шабуылға қарсы екенін мәлімдеп,…