Астанада ауа райының күрт нашарлауына байланысты 16 қаңтарда бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Бұл шешімді елорданың білім басқармасы қабылдады.
«Ауа райының нашарлауына байланысты 16 қаңтарда бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9-сынып негізінде) қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген ресми хабарламада.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, сейсенбі күні елордада желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы -30, ал күндіз -23 градусқа дейін төмендейді.
Фото: Әлеуметтік желіден

