Бұл жағдай президенттің Мичигандағы Ford зауытына сапары кезінде болған. Сол сәтте жұмысшы Трампты педофилдерді қорғаушы деп балағаттаған. Ал Трамп оған жауап ретінде ортаңғы саусағын көрсеткен. Алайда бәрі мұнымен бітпеді. Аталған зауыттың қызметшісі жұмыстан босатылды.
Бірақ көпшілік жұмысшыны қолдау үшін желіде қайырымдылық акциясын бастады. Қысқа мерзімде ол 100 000 доллардан (51 080 000 теңге) астам қаражат алды.
Айта кетейік, жұмысшының бұл сөзі Эпштейн ісіне қатысты айтылған болуы мүмкін.

