Categories Жайық news

Киев мэрі: Қаланың жартысы жылусыз қалды, мүмкіндігі барлар уақытша көшсін

Ресей Украинаға жаңа «Орешник» зымыран кешенін қолданып, жаппай соққы берді, салдарынан Киевтің жартысы жылусыз қалып, Львовта маңызды инфрақұрылым нысаны бүлінді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Киев қаласының мэрі Виталий Кличконың айтуынша, жаппай шабуылдан астананың маңызды инфрақұрылымы зақымданған. Осыған байланысты қаладағы көпқабатты үйлердің жартысы жылудан ажыратылды.

«Киевтегі 6 мыңға жуық көпқабатты үйге жылу беру тоқтатылды. Қалада сумен жабдықтауда да іркілістер бар. Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері жағдай қиындай түседі. Баламалы қуат пен жылу көздері бар қала сыртына уақытша көшуге мүмкіндігі бар тұрғындардан солай істеуін сұраймын», — деді Кличко.

Львов облысында да маңызды инфрақұрылым нысанына соққы жасалғаны белгілі болды. Ресей Қорғаныс министрлігі шабуыл кезінде орта қашықтыққа ұшатын «Орешник» зымыран кешені қолданылғанын растады. Кейін Украинаның Қауіпсіздік қызметі (ҰҚК) Львовқа түскен зымыран сынықтарының суреттерін жариялады.

Сонымен қатар, Ресейдің ұшқышсыз ұшақтары Қара теңізде Одесса облысы маңында екі азаматтық кемеге шабуыл жасаған. Украинаның қалпына келтіру істері жөніндегі вице-премьер-министрі Алексей Кулебаның хабарлауынша, бір адам қаза тауып, зардап шеккендер бар.

«„Черноморск“ портына бара жатқан Сент-Китс және Невис туы ілінген шетелдік азаматтық кемеге соққы жасалды. Тағы бір шабуыл „Одесса“ порты маңында соя тасымалдаған Комор аралдары туы бар кемеге жасалды. Өкінішке қарай, экипаж мүшесі — Сирия азаматы қаза тапты», — деп мәлімдеді Кулеба.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…