Categories Жайық news

Бауыржан Момышұлына берілген марапаттар отбасы мүшелеріне табысталды

Алматыда Ұлы Отан соғысының даңқты батыры Бауыржан Момышұлына берілген жоғары мемлекеттік марапаттар – Алтын жұлдыз пен «Отан» ордені – оның келіні Зейнеп Ахметова мен немересі Ержан Момышұлына ресми түрде тапсырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Марапаттарды салтанатты түрде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин табыстады. Бұл шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешімі мен тиісті жарлыққа қол қоюының жалғасы ретінде өтті.

«Халқымыз Бауыржан Момышұлын әрдайым батыр деп біледі, қаһарман деп қастерлейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жолғы шешімі халықтың оған деген ыстық ықыласын одан әрі арттыра түсті. Ең бастысы, көптен күткен тарихи әділдік қалпына келтірілді», – деді Ерлан Қарин марапаттау рәсімінде.

Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері мен батырдың ұрпақтары қатысты. Жиналғандар Бауыржан Момышұлының ерлігі мен отансүйгіштігін ерекше атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Ұлыбритания Ресей ескертуіне жауап берді: Әскерилеріміз өздерін қорғай алады

Ұлыбритания Ресей ескертуіне жауап берді: британ әскерилері Украинада өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құқылы.

Rusted Pertamina oil barrels in an industrial waste area outdoors in Jakarta, Indonesia.

Венесуэла ықпалын арттырды: Әлемдік мұнай бағасы қай бағытта өзгереді?

АҚШ Венесуэла мұнайын бақылауға алды. Бұл мұнай бағасына қалай әсер етеді және Қазақстан үшін қандай…

Жыл қорытындыланды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Қ.Е. Меңдіғалиевтің төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың…