Categories Жайық news

БҚО-да құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері енгізілуде

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді енгізді.

Азаматтардың полицияға жүгіну мүмкіндіктері кеңейтіліп, өтініш беру тәртібі жеңілдетілді. Атап айтқанда, мобильді құрылғылардағы «eGov Mobile», «Kaspi.kz» және «Halyk Bank» қосымшаларында «Заң және Тәртіп» функциясы арқылы тікелей өтініш жолдау мүмкіндігі қарастырылған.

Бөрлі, Бәйтерек және Сырым аудандарында 246 бейнебақылау камерасы мен 11 жылдамдықты бақылау жүйесі орнатылған жедел басқару орталықтары құрылды.

Мемлекет басшысы 2026 жылды – цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауына орай, ағымдағы жылы облыс аудандарында қосымша 5 жедел басқару орталығын құру жоспарлануда.

Орал қаласында бейнебақылау желісі кеңейтіліп, аналитикалық функциялары бар 300 бейнекамера орнатылды. Аталған жүйе:
• оқиға орын алған аумақтың бейнесін жедел түрде экранға шығаруға;
• «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастаған азаматтарды автоматты түрде анықтауға;
• іздеуде жүрген көлік құралдары мен тұлғаларды, сондай-ақ оларды әртүрлі параметрлер бойынша тануға;
• қоғамдық тәртіпті бұзатын азаматтар шоғырын анықтауға;
• ұрланған көлік құралдарының қозғалыс бағытын бақылауға мүмкіндік береді.

Бұрын сотталған және үйқамақта отырған тұлғаларды бақылау мақсатында электрондық бақылау білезіктері енгізілді.

Учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция қызметкерлері бет-әлпетті тану функциясы бар 800 заманауи смарт-жетонды қолдануда.

Учаскелік полиция пункттері, мектептер, балабақшалар және басқа да білім беру нысандары онлайн бейнебақылауға алынып, тәулік бойы бақылау мен мониторинг жүргізу үшін дабыл түймелері жедел басқару орталығына шығарылды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылуда, мобильді жылдамдықты бақылау жүйелерінің саны 20-дан 30 бірлікке дейін көбейтілді, сондай-ақ «Екин Патруль» кешенінің 10 бірлігі сатып алынды, оның 5-еуі жасырын бақылауға арналған.

Шетелдік көлік құралдарының иелерін жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда анықтау үшін шекара қызметінің дерекқорлары мен әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі біріктірілді.

Жол қозғалысын бақылаудың барлық автоматтандырылған кешендері құқық бұзушыларды жедел анықтап, ұстауға мүмкіндік беретін «Қорғау» жүйесіне біріктірілді.

Қабылданған кешенді шаралар өңірдегі азаматтардың қауіпсіздік деңгейіне оң әсерін тигізіп, алдағы уақытта заманауи технологиялармен одан әрі жетілдірілетін болады.

Ұқсас жазбалар

Ұлыбритания Ресей ескертуіне жауап берді: Әскерилеріміз өздерін қорғай алады

Ұлыбритания Ресей ескертуіне жауап берді: британ әскерилері Украинада өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құқылы.

Rusted Pertamina oil barrels in an industrial waste area outdoors in Jakarta, Indonesia.

Венесуэла ықпалын арттырды: Әлемдік мұнай бағасы қай бағытта өзгереді?

АҚШ Венесуэла мұнайын бақылауға алды. Бұл мұнай бағасына қалай әсер етеді және Қазақстан үшін қандай…

Жыл қорытындыланды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Қ.Е. Меңдіғалиевтің төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың…