Categories Жайық news

Тоқаев: Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар жанармай бағасын желеу етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдіріп, елде тәртіпсіздік тудыру әрекеті қалай басталғанын айтып өтті.

Президенттің айтуынша, бұл жағдай жай ғана наразылық емес, алдын ала жоспарланған әрекеттердің нәтижесі болған. Халықты жаппай митингіге шығару үшін жанармай бағасының өсуі сылтау ретінде пайдаланылған.

Бұл туралы Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаевтың сөзінше, бұл әрекеттерді «төңкеріс жасауға машықтанған мамандар» басқарған. Ұйымдастырушылар ел ішінде дүрлігу туғызу үшін халық пен мемлекеттік қызметкерлердің ішіндегі кейбір топтарды пайдаланып, күштік құрылым өкілдерінің арасында да абыржушылық тудырған.

Салдарынан кейбір күштік құрылым қызметкерлері өз жұмыс орындары мен қару-жарақтарын, тіпті құпия құжаттарды тастап кеткен.

Күштік құрылым басшылары не үшін сынға ұшырады?

Президент бұл оқиға кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің кей басшылары үлкен жауапкершіліктен жалтарып, өздерінің кәсіби дайындық деңгейінің төмен екенін көрсеткенін айтты.

Әскер мен құқық қорғау органдарындағы мұндай әлсіздікті Тоқаев сын сағатта Отан алдындағы адалдықты ұмытумен байланыстырды.

Ол бұл сөзі арқылы болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін кадрлық және құрылымдық шешімдер қабылданатынын меңзеді.

Ұқсас жазбалар

2026 жылдан бастап көлік салығы өзгереді: Кім аз төлейді, кім көп төлейді?

2026 жылдан бастап Қазақстанда көлік салығы жаңа тәртіппен есептеледі: ескі көлікке жеңілдік, ал қымбат көлікке…

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: Қазақстан федерациясы B сынамасын аштырды

Кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша B сынамасы ашылғанын айтты. Ресми қорытынды шыққанша ол…

Firefighters in full gear with helmets and axes tackle a smoky emergency situation.

Отар маңындағы әскери бөлімде әскеридің саусақтарын шабуына не себеп болды

Отар маңындағы әскери бөлімде сарбаз таңғы саптан кейін балта алып, өз саусақтарын шапты. Ресми дерек…