1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне сәйкес, Қазақстанда кәсіпкерлер үшін арнайы салық режимдеріне көшу мерзімі 28 ақпанға дейін жалғасады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ескерту жасады, әсіресе такси жүргізушілері, курьерлер, тамақ жеткізу қызметіндегілер мен өз бетінше жұмыс істейтіндерге қатысты.
Бұл туралы Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа кодекс үш түрлі арнайы салық режимін қарастырады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі режим және фермерлік немесе шаруа қожалықтарына арналған режим.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим, жеке кәсіпкерлікті ресми тіркемей-ақ, жалдамалы жұмысшыларсыз жұмыс істейтін жеке тұлғаларға қолжетімді. Бұл тізімге такси жүргізу, курьерлік қызмет, тамақ жеткізу мен шаштараздық қызмет сияқты 40-қа жуық қызмет түрі кіреді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қалай тіркеледі?
2025 жылы патентпен немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген кәсіпкерлер 28 ақпанға дейін есептен шығып, қажет болса өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына өте алады.
Комитеттің түсіндіруінше, бұл режимді қолдану ретінде алғашқы чек мобильді қосымшада шығарылған ай есептеледі.
Оңайлатылған декларация талаптары қандай?
Оңайлатылған декларация режиміне барлық салық төлеушілер 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында өтініш бере алады. Бұл өзгеріс 2025 жылы жалпы тәртіппен жұмыс істегендерге де қатысы бар.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа режиммен жұмыс жасау үшін, өтініш алдын ала жіберілуі тиіс. Әйтпесе, 1 наурыздан бастап автоматты түрде жалпы салық салу тәртібі енгізіледі.
Мамандардың айтуынша, мұндай тәртіпке уақытында өтпегендер салықтық жүктеменің артуына ұшырауы мүмкін.

