Categories Жайық news

Нидерландыда Жаңа жыл түнінде 2 адам қаза тапты, Амстердамда тарихи шіркеу өртенді

Ресми мәліметке сүйенсек, Нидерландыда Жаңа жыл мейрамын тойлау кезінде атылған фейерверктер екі адамның өмірін қиды. Сонымен қатар, Амстердам қаласындағы тарихи Вонделкерк шіркеуі өртеніп кетті.

Оқиға жұртшылыққа айтарлықтай әсер етті: біреуі Амстердам маңындағы Аалсмеер қаласында 38 жастағы ер адам, екіншісі елдің шығысындағы Неймеген шаһарынан жасөспірім бала көз жұмған.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нидерландыда Жаңа жыл сайын адамдар жеке фейерверктер сатып алып, іске қосады. Бірақ бұл дәстүр жыл сайын жүздеген жарақатқа және миллиондаған еуро зиянға себеп болып келеді. Биыл полиция 250-ге жуық адамды тұтқындап, кейбір қалаларда арнайы жасақ шақыртқан.

Тарихи Вонделкерк шіркеуі не себепті өртенді?

Амстердам қаласының орталығында орналасқан, 1872 жылы салынған нео-готикалық стильдегі Вонделкерк шіркеуі түн ортасында отқа оранған. Тілсіз жау шіркеуді толықтай жойып жіберген.

Полиция мен өрт сөндірушілер оқиғаның себебін тергеп жатқанын айтты. Әзірге өрттің не себептен шыққаны жөнінде ресми ақпарат жоқ.

Фейерверкке тыйым қашан күшіне енеді?

Жаңа жыл түні 2025 жылдан бастап Нидерландыда фейерверктерді жеке адамдарға сатуға толық тыйым салынатыны белгілі болды.

Дәрігерлер, полиция, өрт сөндірушілер мен жергілікті билік өкілдері аталған тыйымды енгізуді көп жылдан бері талап етіп келген.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…