БҚО-да энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

БҚО-да энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Батыс Қазақстан облысында энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға сала мамандары мен ардагерлері, сондай-ақ облыс басшылығы қатысты.

Жиында облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысының энергетика саласының ел дамуы үшін стратегиялық маңызы туралы пікірін атап өтіп, өңірде атқарылған нақты жұмыстарға тоқталды. Соңғы үш жылда жалпы құны 13 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асып, 6 мың шақырымға жуық тозған электр желілері жаңартылды. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 82%-дан 75,4%-ға төмендеді.

Өңірде Орал жылу-электр орталығының №1 турбоагрегатын жаңғырту арқылы станция қуаты 12,5 МВт-қа артып, 58 МВт-қа жетті. Су, кәріз және жылу жүйелерін жаңарту аясында жаңа ұңғымалар бұрғыланып, мыңдаған тұрғын тұрақты инфрақұрылыммен қамтылды. Газдандыру деңгейі 99,8%-ға жетіп, бірқатар ауыл алғаш рет газға қосылды.

Сондай-ақ облыста жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция тарту жұмыстары күшейтіліп, күн, жел және газ электр станцияларын салу жобалары басталды. Шара соңында сала дамуына үлес қосқан бірқатар маман мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

Сурет: gov.kz 2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша…

100% жұмысқа орналастыру: Ozge Epic Oral сұранысқа ие аниматорларды қалай даярлайды

Сурет:Орал қ әкімдігі Биыл наурыз айында Орал қаласында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан қайырымдылық жобаларды жүзеге…