Categories Жайық news

Оралда жаңа Үстел теннисі орталығының құрылысы басталды

Орал қаласының Ақжайық шағынауданында ірі спорттық жобаның құрылысы басталды. Freedom Holding Corp. қолдауымен бой көтеретін жаңа Үстел теннисі орталығы өңірдің спорт инфрақұрылымын айтарлықтай күшейтпек. Құрылыстың негізгі кезеңдері 2025–2026 жылдарға жоспарланған.

Құрылыстың басталуына арналған рәсімде қала әкімі Мұрат Байменов Ақжайық шағынауданының дамып келе жатқан жаңа орталыққа айналып отырғанын, ал заманауи спорт нысаны сол әлеуетті арттыра түсетінін атап өтті. Шараға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов және Қазақстан үстел теннисі федерациясының вице-президенті Ильсияр Қанағатов қатысып, бұл бастаманың өңір үшін стратегиялық маңызын айтты.

Салтанатты рәсім кезінде қатысушылар естелік ракеткаларға қол қойып, болашақ орталық аумағына қойылатын мемориалдық плита орнатылды.

Жобаның негізгі тұжырымдамасына сәйкес, екі қабатты спорт кешені халықаралық талаптарға сай салынады. Жалпы аумағы шамамен 2700 шаршы метрді құрайтын ғимаратта 400 адамға арналған үлкен спорт залы, жарыс және жаттығу аймақтары, киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық пункт, конференц-зал және әкімшілік-быттық бөлмелер қарастырылған.

Орталықтың барлық инфрақұрылымы әмбебап әрі инклюзивті орта құруға бағытталған. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін толық бейімделеді. Кешен аумағында кең автотұрақ, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.

Бұл спорт орталығы Оралда балалар мен жасөспірімдердің үстел теннисімен кәсіби әрі жүйелі түрде шұғылдануына жаңа мүмкіндік ашып қана қоймай, бұқаралық спортты дамытуға да серпін береді. Жоспарланған нысан қаланың спорттық картасын жаңартып, өңірде жаңа бәсекеге қабілетті спорт инфрақұрылымын қалыптастыруға ықпал етпек.

Сурет: Орал қ әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…