OpenAI компаниясы ChatGPT қызметін пайдалану саясатын жаңартты. Енді бұл жүйе заң, медицина, көші-қон және ұлттық қауіпсіздік сияқты сезімтал салаларда кеңес бермейді.
Компанияның мәлімдеуінше, шектеулер тек осы бағыттармен шектелмейді. ChatGPT сонымен қатар білім беру, тұрғын үй, жұмыспен қамту, қаржы және сақтандыру сияқты маңызды әлеуметтік тақырыптар бойынша да жеке кеңес беруден бас тартады.
OpenAI өкілдері жаңа саясаттың мақсаты – қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасанды интеллекттің жауапкершілікпен қолданылуын реттеу екенін атап өтті.
— Біз пайдаланушылардан жүйемізді этикалық және қауіпсіз түрде пайдалануды талап етеміз. Ережелерді бұзу ChatGPT жүйесіне қолжетімділікті шектеуге әкелуі мүмкін, — делінген компания хабарламасында.
Жаңа ережелерге сәйкес, ChatGPT енді ресми түрде кеңесші рөлін атқармайды, тек ақпараттық және білім беру құралы ретінде қолданылатын болады.

