Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Корея медицина саласында әріптестік орнатты

Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Корея медицина саласында әріптестік орнатты,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Батыс Қазақстан облысы мен Оңтүстік Кореяның жетекші клиникалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат өңір әкімі Нариман Төреғалиев пен Квандонг университеті жанындағы «Святая Мария» халықаралық клиникасының президенті Ко Дон Хённың кездесуінде рәсімделді.

Тараптар денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды дамыту, заманауи емдеу тәсілдерін енгізу және медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру бағыттарын талқылады. Келісім аясында:

  • медициналық тәжірибе мен ақпарат алмасу,
  • халықаралық жобаларды бірлесіп іске асыру,
  • күрделі аурулар бойынша онлайн-консультациялар ұйымдастыру,
  • қазақстандық дәрігерлердің Кореяда тағылымдамадан өтуі қарастырылған.

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев бұл әріптестік батысқазақстандық медицина жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, тұрғындарға көрсетілетін емдеу сапасын жақсартуға жол ашатынын айтты.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…