Categories Қоғам

Сот Тұрлыхановтың ұлының жазасын жеңілдетуден бас тартты

 

Алматы облысы Алатау қаласының соты мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Сот материалдарына сәйкес, Нұрасыл Болат 2023 жылдың ақпанында заңгер Анна Димитриевич пен оның күйеуін соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған. Жоғарғы сот шешімімен ол бастапқыда бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Алайда кейіннен сотталған адамның пробациялық бақылау шарттарын бірнеше рет бұзғаны анықталды: түнгі уақытта көшеде жүргені және көңіл көтеру орындарында бой көрсеткені дәлелденген. Осыған байланысты оның жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылған болатын.

Соңғы сот отырысында Нұрасыл Болат түзелгенін айтып, жеңіл жаза сұрағанымен, судья оның өтінішін қабылдамады.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға…