Categories Жайық news

БҚО-ның жас мамандарына жол ашқан өңірлік кадр резерві

Мемлекет басшысының бастамасымен 2024 жылы алғаш рет еліміздің әр өңірінде талантты жастарды қолдау мақсатында өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жүргізілді. Жоба жаңашыл ойлайтын жас басқарушылар тобын қалыптастыруды көздейді.

Өңірлік кадр резервін жасақтау өңірлердің даму ерекшелігі мен басым бағыттарына қарай 7 сала бойынша өтті:

  • индустрия және өнеркәсіп,
  • экономика және қаржы,
  • әлеуметтік сала,
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым,
  • агроөнеркәсіп кешені және жер қатынастары,
  • цифрландыру,
  • экология.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 30 азамат резервке енгізілді, бүгінде олардың 50 пайызы мемлекеттік қызметке орналасқан. Оның ішінде E-R-1, E-R-2, D-O-2 санатындағы басшылық лауазымдарға 7 резервші тағайындалды.

Солардың бірі – Бәйтерек ауданы экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Айнура Едиковна Бикеева. Ол жоба аясында өз бөлімінде қызмет бабымен көтерілді.

«Өңірлік кадр резерві – жастарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Мыңдаған жас мамандардың әлеуетін ашып, мемлекеттік қызметте табысты мансап құруға жол ашты. Соның нақты дәлелі – менің осы лауазымға тағайындалуым. Мемлекеттік қызметтегі жолымды Бәйтерек ауданының білім беру бөлімінде бастадым, кейін экономика және қаржы бөлімінде түрлі сатылардан өттім. Жобаға қатысып, барлық кезеңнен сәтті өткеніме қуаныштымын. Бұл жетістікке жетуіме қолдау көрсеткен отбасым мен әріптестеріме алғысымды білдіремін», – дейді Айнура Бикеева.

Айта кетейік, іріктеуге 35 жасқа дейінгі, жоғары білімді және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар Қазақстан азаматтары қатысуға мүмкіндік алды.

Өңірлік кадр резерві – аймақтардағы жас әрі талантты мамандарды анықтап, оларды мемлекеттік басқару жүйесіне тартудың тиімді құралы. Жоба аясында жастар конкурссыз мемлекеттік қызметке тағайындалады.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Ұқсас жазбалар

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Түркістан облысының…

Трамп: АҚШ ХАМАС-пен кепілдегілер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

АҚШ ХАМАС-пен кепілдегілер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр,-деп жазады Жайықмедиа.кз. АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның ХАМАС…

Жапония премьер-министрі қызметінен кетуге дайын

Жапония премьер-министрі қызметінен кетуге дайын,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба отставкаға кету туралы шешім…