Categories Жайық news

Қызылордада балалар спорты мен шығармашылығына бөлінген 88 млн теңге жымқырылған – ҚМА

Қызылорда қаласында «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шығарылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеуі

Қылмыстық істі Қызылорда облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті жүргізді.

Тергеу барысында анықталғандай, мониторингтік топтың бір мүшесі қызметтік өкілеттігін пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерді тексеріс нәтижесін «оң шешіп береміз» деген желеумен ақша бопсалаған.

88 миллион теңге қалай жұмсалды

Айыпталушылар кәсіпкерлерден алған 88 млн теңгеден астам қаржының бір бөлігін коттедж және автокөлік сатып алуға жұмсаған. Сот шешімімен бұл мүлікке тыйым салынды.

Сот үкімі

Сот басты айыпталушыны кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады.

Сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Бұл үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жазбалар

Үйдегі тәрбие – мектептегі мінездің айнасы

Соңғы жылдары білім ошақтарында тәртіп мәселесі өткір күйде талқыланып келеді. Оқушының мұғалімге дауыс көтеруі, сыныптастарымен…

Талғарда ер адамды мылтықпен атып өлтірген күдікті ұсталды

Талғарда ер адамды мылтықпен атып өлтірген күдікті ұсталды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Талғар ауданында жас жігіт кісі…

БҚО жылыту маусымына дайындықты пысықтап жатыр

Батыс Қазақстан облысында 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды. Кеңесті облыс әкімі Нариман Төреғалиев…