Categories Спорт

Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты ұлттық құрама сапындағы соңғы турнирі болатынын растады

Сурет: Depositphotos.com

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты ұлттық құрама сапындағы соңғы турнирі болатынын растады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Испания құрамасына қарсы 1/8 финал матчы алдында 41 жастағы шабуылшы еш өкінішсіз кететінін айтып, футболды тек сүйіспеншілікпен ойнағанын жеткізді. Далласта журналистерге сұхбат берген ол бұған дейін болашағы туралы нақты жауап беруден қашып келген еді. Аңыз футболшы 2030 жылғы мундиалда 45 жасқа толатынын ескеріп, соңғы шешімге келгенін айтты.

Испанияға қарсы кездесу Роналду үшін ұлттық құрама жейдесіндегі 233-ойын болмақ. Ол Испанияны Еуропа чемпионы әрі атақтары көп команда ретінде матчтың фавориті деп атады. Дегенмен аптап ыстық пен ойыншылардың жарақаты сияқты факторлар кездесудің нәтижесіне әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Роналду Испанияға қарсы ойындардағы жақсы көрсеткішін де еске салды. Ол испан құрамасының қақпасына 4 гол соққан, оның ішінде 2018 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі 3:3 есебімен аяқталған кездесуде жасаған хет-тригі бар. Португалиялық футбол аңызы алдағы ойында жеңіс дәл өзінің командасына бұйыратынына сенім білдіріп, матч тағдырын ұсақ-түйек сәттер шешетінін айтты.

Бұған дейін Криштиану Роналду рекорд жаңартып, әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде гол соққан ең егде ойыншы атанды. АҚШ-тың Даллас қаласында өткен ойында Испания құрамасы Португалияны 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз әрі шешуші голды Микель Мерино соқты. Португалияның жеңілісінен кейін ұлттық құраманың бас бапкері Роберто Мартинес қызметінен кететінін мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

Александр Винокуровтың спорттық киімі Халықаралық Олимпиада музейіне табысталды

Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың спорттық киімі Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада музейіне ресми түрде табысталды.

Роналдудың бұрынғы бапкері Португалия құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Португалия футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына тәжірибелі маман Жорже Жезушті тағайындауды жоспарлап отыр.

Испания қатарынан алты матчта гол жібермеген алғашқы команда атанды

Испания құрамасы әлем чемпионаты тарихында қатарынан алты матчта қақпасын құрғақ ұстаған алғашқы команда болды.