Сурет: Global Look Press
Испания құрамасы әлем чемпионаты тарихында қатарынан алты матчта қақпасын құрғақ ұстаған алғашқы команда болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан мундиальда Испания топтық кезеңнің үш ойынында да, плей-оффтың алғашқы екі матчында да қарсыластарына гол соғуға мүмкіндік бермеді.
1/8 финалда испаниялықтар Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, қақпасын тағы да голдан сақтап қалды. Бұл кездесуде Португалия капитаны Криштиану Роналду қақпаға тек екі дәл соққы жасады.
Сонымен қатар, Испания қақпашысы Унаи Симон жеке рекорд орнатты. Ол бір әлем чемпионатында қатарынан бес матчта гол жібермей, 1990 жылғы Вальтер Дзенганың көрсеткішін жаңартты. Қазір оның мундиальдағы гол жібермеген уақыты 609 минутты құрайды.
Испанияның гол өткізбеген сериясы Қатардағы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мароккомен ойыннан басталған. Содан бері команда 10 сағат 9 минут бойы қақпасын қорғап келеді.
АҚШ-тың Даллас қаласында өткен матчта Испания Португалияны 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды Микель Мерино соқты. Португалияның жеңілісінен кейін бас бапкер Роберто Мартинес қызметінен кететінін мәлімдеді.

