Categories Жайық news

Пәтер, көлік алған: Балаларға бөлінген 450 млн-ды жымқырған мектеп есепшісі сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаладағы бір мектептің бас есепшісіне қатысты үкім шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Мемлекетке сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті жымқыру») және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру») бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы қызмет бабын пайдаланып, мемлекетке 451,1 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Ол бұл қаражатқа бірнеше пәтер, автокөлік, жер телімі мен бағалы қағаздар сатып алған.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…