Categories Саясат

«Ауыл» партиясы Құрылтайға 69 кандидатты ұсынды

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Ауыл» партиясының XXVI кезектен тыс съезінде Құрылтайға ұсынылатын кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Съезге 150 делегат қатысып, нәтижесінде тізімге 69 адам енгізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Партиялық тізімге Мәжілістің соңғы шақырылымының депутаттары Қарақат Әбден, Серік Егізбаев, Жигули Дайрабаев, Николай Арсютин және Ерболат Саурықов енді. Ал Мәжіліс депутаттары Анас Баққожаев пен Аян Зейнуллин кандидаттар қатарынан орын алмады.

Тізімге партияның жаңа төрағасы Қайрат Айтуғанов, «Бірлік» ЖШС-нің басшысы Жандос Әбдіжаппаров, партияның Астана қалалық филиалының төрағасы Ұлан Әбдіханов, Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Фарид Әбітаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Айтбаев, Қызылорда облыстық «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев, Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлім меңгерушісінің орынбасары Дәурен Бабамуратов, Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Самал Нұғманова және басқа да үміткерлер кірді.

Жалпы партиялық тізімдегі кандидаттардың 71 пайызы – ерлер, 29 пайызы – әйелдер. Сонымен қатар үміткерлердің 8,7 пайызы ерекше қажеттілігі бар азаматтар.

Ұқсас жазбалар

«Ауыл» партиясының съезінде жәрдемақымен ел құруға болмайтыны айтылды

XXVI съезде «Ауыл» партиясы алғаш рет аграрлық күн тәртібінен бәсекелестермен тікелей пікірталасқа көшті.

Захира Бегалиева: ауыл тұрғындарына сапалы медицина мен әлеуметтік қызмет қолжетімді болуы керек

Астанада өткен «Ауыл» партиясының съезінде Захира Бегалиева ауыл тұрғындарына сапалы медицина мен әлеуметтік қызметтің қолжетімділігін…

С.Егізбаев: Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау үш жылда 11 есеге артты

«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары С.Егізбаев партияның кезектен тыс XXVI съезінде ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер…