Президент: Қос палаталы Парламент 30 жылда 3,5 мыңға жуық заң қабылдады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде ел Парламентінің қалыптасу тарихы мен оның мемлекетті нығайтудағы рөліне тоқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Парламентте отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданғанын атап өтті.

Осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын елімізде тұңғыш кәсіби Парламент құрылды. Мүлде жаңа институционалдық үлгіге көшкен заң шығарушы орган мемлекеттігімізді нығайтуға елеулі үлес қосты, сондай-ақ еліміздің құқықтық негізін қалыптастыру және нарықтық экономиканы орнықтыру ісінде маңызды рөл атқарды. Қысқаша айтсақ, отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды. Ал әрбір оныншы заңға депутаттар өздері бастамашы болды. Заң шығару жүйесінің қайнар бастауында бүкіл халқымызға және халықаралық қауымдастыққа танымал саясаткерлеріміз, көрнекті мемлекет қайраткерлері, белгілі қоғам қайраткерлері тұрды. Олардың жемісті еңбегі Парламент тарихында өшпес із қалдырды. Қажырлы қызмет халқымыздың жадында мәңгі сақталып қаларына күмән жоқ, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ Парламенттің уақыт талабына бейімделіп, қоғамның сұранысына жедел жауап бере алатын тиімді институтқа айналғанын айтты.

Ұқсас жазбалар

Астанаға 2025 жылы 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік

2025 жылы Астанаға 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік. Жылдың алғашқы тоқсанында 352,2…

Астана күнінде елордада 24 сәби дүниеге келді

6 шілдеде Астана күнінде сағат 00:00-ден бастап елордада 24 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,3 мыңнан асты

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3342-ге жетіп, жарақат алғандар 16,7 мыңнан асты. 6462…