Сурет: Associated Press
Шри-Ланка астанасы маңындағы түрмеде болған қақтығыстан кемінде 25 адам қаза тауып, жүзден астам адам жарақат алды. Қаза тапқандардың арасында сотталғандар да, түрме қызметкерлері де бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Associated Press агенттігінің мәліметінше, тұтқындар арасындағы зорлық-зомбылық 5 шілдеде басталған. 6 шілдеде күзетшілер жағдайды бақылауға алмақ болған кезде қақтығыс күшейген. Кейбір сотталғандар қашуға әрекеттенген, бірақ олардың жолы кесілген.
Өңірдегі басты мемлекеттік аурухананың өкілі жарақат алған 100-ден астам адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы ақпарат жарияланбаған.

