Сурет: Egemen Qazaqstan
Англия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мексиканы 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мехикода өткен кездесуде ағылшындардың жеңісіне Джуд Беллингем екі гол соғып үлес қосты. Харри Кейн пенальтиден бір рет мергендік танытты. Мексика сапында Хулиан Киньонес пен Рауль Хименес гол соқты. Хименес те өз добын 11 метрлік айып добынан енгізді.
Матчтың 52-минутында Англия қорғаушысы Джарелл Куанса мексикалық жартылай қорғаушы Хесус Гальярдоға қарсы ереже бұзғаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Қолайсыз ауа райы мен найзағай қаупіне байланысты матчтың басталуы бір сағатқа кейінге шегерілді.
Ширек финалда Англия құрамасы Норвегиямен кездеседі. Ойын 12 шілде күні АҚШ-тың Майами қаласында өтеді.

