ҰҚК халықаралық террористермен байланысы бар күдіктіні Қазақстанға жеткізді

Қазақстан азаматы, халықаралық террористік ұйым қызметіне қатысы бар деген күдікпен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің күзетуімен Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды ЖайықMedia.

ҰҚК мәліметінше, ер адам бұған дейін Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған. Қазір ол Қылмыстық кодекстің 257-бабы («Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу») бойынша тергеуге алынды. Сот шешімімен күдікті қамауға алынған.

Тергеу органдары қажетті процессуалдық шараларды жүргізіп жатыр. Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды.

Еске салайық, бұған дейін ҰҚК 2025 жылдың басынан бері үш шетелдікті қоса алғанда 60-тан астам адамның терроризм және экстремизм бағытындағы қылмыстары үшін түрлі мерзімге сотталғанын хабарлаған еді.

Ұқсас жазбалар

Бірнеше өңірде ауа райы күрт нашарлайды: ТЖМ ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы күрт нашарлайды. ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми хабарламаларды…

Астанада LRT тоқтап қалды: жолаушылар есікті ашып жіберген

Астанадағы LRT желісі жолаушылардың есікті ашуынан тоқтап қалды. Әкімдік кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр.

Ауа райы күрт өзгереді: дауылды ескерту жасалды

Синоптиктер жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжап отыр. Алайда, бірнеше өңірде…