Сурет: Report
АҚШ-тың Ньюпорт-Бич қаласында Тәуелсіздік күні мерекесі кезінде құқық қорғау органдары 400-ден астам адамды ұстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Los Angeles Times газетінің мәліметінше, жергілікті билік мереке қарсаңында құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» саясатын жариялаған. 4 шілде кешінде мерекелік шара жаппай тәртіпсіздікке ұласып, көшедегі төбелестер, ұрлық, жол белгілерін бүлдіру және отшашуларды заңсыз ату фактілері тіркелді.
Ұсталғандардың басым бөлігі — жастар, олардың көбі Ньюпорт-Бич қаласының тұрғындары емес. Жастардың біразы заңсыз отшашу атылғаны туралы хабар түскен жергілікті жағажайда ұсталған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Американың 250 жылдығына арналған Freedom 250 мерекелік концертіне көп әртіс қатысудан бас тартқаннан кейін оны «Американы қайтадан ұлы етейік» ұранымен митингпен алмастыруды ұсынған болатын.

