Сурет: Egemen Qazaqstan
Бельгиядағы қазақ диаспора өкілдері мен шетелдіктерден құралған DOMBRAssadors ансамблі Брюссельде тігілген киіз үйдің жанында қазақ күйлерін орындады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өнер ұжымының құрамына елшілік қызметкерлері де кіреді. Қатысушылардың бәрі кәсіби музыкант емес. Дегенмен олардың орындауындағы «Ерке сылқым», «Әлқисса» және «Сұлу қыз» шығармалары жылы қабылданды.
Домбыра, жетіген және сазсырнайдың гобой, скрипка және аккордеон сияқты еуропалық аспаптармен үйлесуі ерекше әсер қалдырды.

