Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60 қосымша автобус жолға шығады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қосымша автобустар қала орталығы бағытында №10, 26, 37, 40, 42, 49, 51, 53, 60, 67 және 501 бағыттары бойынша қатынайды. Ал әуежай бағытына №10, 26, 37, 40, 42, 49, 51, 53, 60, 67, 302, 303, 308, 309 және 501 бағытындағы автобустар қосымша қызмет көрсетеді.

Жолақы қолданыстағы қалалық тариф бойынша төленеді. Жеңілдікпен және мектеп оқушыларына арналған жол жүру карталары өз күшінде қалады. Қала әкімдігі жолаушыларға концерттен кейін жолаушылар ағынының артуын ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Ұқсас жазбалар

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы апатты жағдайда өшірілді

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат…

Аптап ыстықта көлікті өрттен қалай қорғауға болады?

Астанадағы Орхон көшесінде жеңіл көлік өртеніп, оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары…

Астанада жеңіл көлік өртеніп, өрт сөндірушілер оны сөндірді

Астанада жеңіл көлік өртеніп, өрт сөндірушілер оны сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.