Categories Қоғам

Қарулы күштерде екі жылдық қызметке шақырылған запастағы офицерлерді оқыту курстары аяқталды

Тылдық, техникалық және инженерлік қамтамасыз ету, автоматтандырылған басқару жүйелері, зымыран-артиллериялық қару-жарақ, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, байланыс, медицина салаларының мамандары, сондай-ақ тәрбие жұмысы жөніндегі офицерлер өз білімдері мен практикалық дағдыларын пысықтады.

Осындай курстардың бірі Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының базасында байланыс мамандарымен өткізілді. Оған запастан шақырылған 19 офицер қатысты.

Оқу бағдарламасы аясында арнайы және тактикалық-арнайы дайындық бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізілді. Сабақтар барысында заманауи байланыс техникасы мен құралдарын пайдалану, байланыс бөлімшелерінің негізгі құжаттарын жүргізу тәртібі, жауынгерлік дайындық сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі бойынша тәжірибелік дағдылар жетілдірілді.

Сонымен қатар офицерлер байланыс техникасын өрістету және байланыс арналарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі оқу-жаттығу тапсырмаларын орындады. Байланысты жоспарлау кезінде бөлімше командирінің жұмыс тәртібі мен басқару ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.

– Бұл курстың басты ерекшелігі – запастан шақырылған офицерлердің теориялық білімін жаңартып қана қоймай, оларды қазіргі заманғы байланыс жүйелерімен жұмыс істеуге практикалық тұрғыдан даярлау. Сабақ барысында тыңдаушылардың кәсіби шеберлігі артып, қойылған міндеттерді сапалы орындауға қажетті дағдылары жетілдірілді, – деді 07029 әскери бөлімінің командирі Омар Сыздықов.

Қонаев гарнизонында да Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы Инженерлік әскерлер департаменті ұйымдастырған запастан шақырылған офицерлерге арналған мамандандыру курсы аяқталды.

Екі апта бойы офицерлер арнайы дайындық бойынша қарқынды теориялық және практикалық сабақтардан өтіп, кәсіби дағдыларын жетілдірді. Курсқа қатысушылар шынайы жағдайға барынша жақындатылған ортада іс-қимылдарды пысықтап, жеке құрамды басқару, инженерлік техниканы пайдалану және инженерлік қамтамасыз ету міндеттерін орындау машықтарын дамытты.

Іс-шара соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Офицерлер іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың басшылығына және оқу курсын ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Ұқсас жазбалар

Өзбекстандық төреші әлем чемпионатындағы ең төмен бағаны алды

Өзбекстандық төреші Ильгиз Танташев Франция-Парагвай матчындағы төрелігі үшін L'Équipe басылымынан 10 балдың 1-ін алып, әлем…

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және…

АҚШ-та 2040 жылға қарай автокөліктерге сұраныс төмендейді

АҚШ-тағы автокөлік нарығы бес жылдан кейін екі миллион көлікке қысқаруы мүмкін. Сарапшылардың дерегінше, 2040 жылға…