Сурет: Egemen Qazaqstan
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен Алжир халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жеделхатта Президент Алжирді араб әлеміндегі сенімді серіктестердің бірі санайтынын атап өткен. Ол достық пен өзара түсіністікке негізделген қазақ-алжир қарым-қатынастары халықтар игілігі үшін дами беретініне сенім білдірген.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунға қызметінде табыс, ал Алжир халқына құт-береке тілеген.

