Categories Спорт

Франция құрамасы Парагвайды жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Франция құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен матчта жалғыз гол шешуші рөл атқарды. Ойынның 70-минутында Килиан Мбаппе пенальтиді дәл орындап, командасына жеңіс әперді.

11 метрлік айып добы бейнеқайталауды қараудан кейін белгіленді. Бас төреші, өзбекстандық Ильгиз Танташев бастапқыда ереже бұзушылықты байқамаған. Алайда VAR жүйесіндегі қайталауды көрген соң шешімін өзгертіп, Парагвай қорғаушысы Густаво Гоместің Дезире Дуэге қарсы жасаған тәртіп бұзушылығын анықтады.

Бұл Мбаппенің турнирдегі жетінші голы болды. Осылайша ол сұрмергендер жарысында көш бастап тұрған Лионель Мессимен теңесті.

Жалпы мансабында Мбаппе әлем чемпионаттарында 19 гол соғып, тарихтағы екінші үздік көрсеткішке қол жеткізді. Бұл көрсеткіш бойынша рекорд Лионель Мессиге тиесілі, оның еншісінде 20 гол бар.

Франция ширек финалда Марокко құрамасымен кездеседі. Ол матч 9 шілде күні АҚШ-тың Бостон қаласында өтеді.

Ұқсас жазбалар

Александр Бублик пен Анна Данилина «Уимблдонда» 1/8 финалға шықты

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Анна Данилина «Уимблдон-2026» турнирінде 1/8 финалға жолдама алды.

ӘЧ-2026: Франция Парагвайды ұтып, ширек финалға шықты

Франция құрамасы ӘЧ-2026 1/8 финалында Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Марокко Канаданы 3:0 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды

Марокко құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Канаданы 3:0 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.