Categories Әлем

Конгода Эбола жұқтырғандар саны 1500-ден асты — ДДҰ

Сурет: Report

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырудың 1502 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 473 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттің әлі де күрделі деңгейде қалып отырғанын мәлімдеді. Конгоның денсаулық сақтау органдары жұма күні жариялаған соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 628 науқас оқшауланған немесе стационарда ем қабылдап жатыр. Ал 229 адам сауығып шыққан.

Сондай-ақ Эболаға күдікті тағы 213 жағдай тіркелген. Оның ішінде 63 адам көз жұмған. ДДҰ-ның Африка бойынша өңірлік директоры Мохамед Якуб Джанаби онлайн брифинг барысында жағдайдың әлі де күрделі екенін айтты. Оның сөзінше, вирус елдің шығысындағы Итури және Солтүстік Киву провинцияларында таралуын жалғастырып жатыр.

ДДҰ өкілінің айтуынша, бұл – Бундибугио штамынан туындаған Эбола індетінің тарихтағы ең ірі өршуі болып отыр. Айта кетейік, жуырда Францияда Эбола вирусын жұқтырған алғашқы науқас толық жазылып шыққаны хабарланды.

Ұқсас жазбалар

Арменияның Конституциялық соты парламент сайлауының нәтижелерін бекітті

Арменияның Конституциялық соты парламент сайлауының нәтижелерін күшінде қалдырды. Сот барлық өтінішті қарап, шешімді бекітті.

Израильдің Ливанға шабуылынан қаза тапқандар саны 4 303-ке жетті

Израильдің 2 наурыздан бері Ливанға жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 4 303 адамға жетті,…

Иран мен АҚШ келіссөзінің жаңа кезеңі 11 шілдеде Пәкістанда өтеді

Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің келесі кезеңі 11 шілдеде Пәкістанда өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат…