Сурет: Халықаралық күрес федерациясы
Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында әйелдер күресінен жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық балуан қыздар екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. 65 келіге дейінгі салмақта Жаңыл Бекен финалда өзбекстандық Мухайё Нарзиллоевадан жеңілді. 68 келіге дейінгі салмақта Ұлдана Тілеухан қытайлық Чэньлин Суннан ұтылды.
53 келіге дейінгі салмақта Динара Дауылқызы қола медаль үшін белдесуде Қытайлық Тайбэй өкілі Вэй Тин Чэньді жеңді. 57 келіде Анна Стратан Қытайлық Тайбэй спортшысы Юй Сюань Чэннен басым түсті. 59 келіде Айжан Мұратбай филиппиндік Мириам Грейс Балисмені ұтты.

