Categories Спорт

Әлем чемпионаты: Португалия Хорватияны 2:1 есебімен жеңді

Сурет: fifa.com

Футболдан әлем чемпионатында Португалия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды. Енді олар жарыстың аталған сатысында Испаниямен шеберлік байқасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Хорватиялық футболшылар алғашқы болып есеп ашты, Иван Перишич ойынның 53-минутында көзге түсіп, гол соқты. Матчтың 60-минутында Криштиану Роналду пенальтиден таразы басын теңестірсе, португалиялық тағы бір ойыншы Гонсалу Рамуш 94-минутта соққан гол өз құрамасына жеңіс алып келді.

Осылайша Португалия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Ұқсас жазбалар

Криштиану Роналду әлем чемпионатында рекорд жаңартты

Криштиану Роналду әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде гол соққан ең егде ойыншы атанды.

Швейцария Алжирді 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Әлем чемпионатының 1/16 плей-офф кезеңінде Швейцария құрамасы Алжирді 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Қазақстан балуандары U20 Азия чемпионатында үш медаль алды

Қазақстан грек-рим күресінен U20 Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды: Еркебұлан Анапия күміс, Алпамыс Болатұлы…