Сурет: ҰОК
Қазақстан грек-рим күресінен Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
82 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Анапия финалда Иран өкілі Алиреза Мохаммад Хоссейниден жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.
60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы қола жүлде үшін белдесуде жапониялық Юсукэ Хиротаны жеңді.
97 келіге дейінгі салмақта Максим Украинцев қола медаль үшін өткен айқаста Қытай өкілі Синью Люді тізе бүктірді.
Бұған дейін Еркебұлан Анапия тәжікстандық қарсыласын айқын жеңіп, финалға шыққан еді.

