Сурет: Egemen Qazaqstan
Кеше кешке Мәрмәр теңізіндегі Бұюкада аралындағы Viranbağı жағажайындағы дәмханалардың бірінен өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке газ баллонының жарылуы себеп болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қатты желдің салдарынан жалын дәмхана артындағы орман алқабына көшкен. Өртті ауыздықтауға тікұшақтар, өрт сөндіру жасақтары мен теңізден арнайы кемелер жұмылдырылған. Түтінге уланған 4 адам ауруханаға жеткізілді.
Өрт толықтай сөндіріліп, бақылауға алынды. Тұрғындар мен туристерге қауіп төніп тұрған жоқ.

