Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы аясында AD Ports Group басқарушы және бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент AD Ports Group компаниясын теңіз тасымалы және порт инфрақұрылымы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі деп атады. Кездесуде Орта дәлізді дамыту аясында Каспий өңірінің көлік-транзиттік әлеуетін кеңейту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапары кезінде Еуропалық Одақ өкілдері Транскаспий халықаралық көлік бағытын Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды жол ретінде бағалап, жүк ағынын ұлғайтуға дайын екендерін айтқанын жеткізді. Кездесуде бірлескен кәсіпорындар қызметі, порт инфрақұрылымын дамыту, астық және жүк терминалдарын салу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұхаммед Әл-Шамиси холдингтің ұзақмерзімді ынтымақтастыққа және өңірдегі серіктестікті нығайтуға стратегиялық қызығушылық танытатынын растады.
Сондай-ақ Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, Қазақстанның тұрақты даму бағытын ұстанатынын атап өтті.

