Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді. Президент Қазақстанның тұрақты даму бағытын ұстанатынын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тоқаев ең басты міндет – экономика мен саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екенін айтты. Ол халықаралық бизнес үшін тартымды заманауи институционалдық орта қалыптасқанына назар аударды. Инвестициялық рәсімдерді жеңілдету үшін «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды.

