Categories Қаржы

Елде 5,6 мың шақырым электр желісі жөнделді

Сурет: Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде өңірлік электр желілік компанияларының басшыларымен кеңес өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық, электр желілерінің сенімділігін арттыру және компаниялар қызметінің тиімділігін күшейту мәселелері қаралды. Комитет төрағасы Ержан Ертаев электр желілерінің сенімді жұмысы энергетикалық қауіпсіздік пен тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтаудың негізгі шарты екенін атап өтті.

Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша 17 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 420 қосалқы станция және 3 599 тарату және трансформаторлық қосалқы станция толық жөнделген. Нәтижесінде технологиялық бұзушылықтар саны 5%-ға азайып, электр энергиясын беру көлемі 4%-ға артты.

2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында биыл 17 098 шақырым электр беру желісіне, 444 қосалқы станцияға және 3 408 тарату, трансформаторлық және кешенді трансформаторлық қосалқы станцияға күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 5 600 шақырымнан астам электр беру желісі, 121 қосалқы станция және 1 215 тарату, трансформаторлық және кешенді трансформаторлық қосалқы станция жөнделді.

Кеңесте электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, лицензиялау, инфрақұрылымды жаңғырту, желілерді пайдалану тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өңірлік электр желілік компаниялардың техникалық жай-күйі, жөндеу және жаңғырту көлемі, электрмен жабдықтау сенімділігі сияқты көрсеткіштеріне талдау жасалып, тиімділікті арттырудың басым бағыттары айқындалды.

Ержан Ертаев кеңесті қорытындылай келе, жылыту маусымына дайындық қысқа мерзімді іс-шаралармен шектелмеуі керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір кәсіпорын электр желілік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңғыртуға, жабдықтардың тозуын төмендетуге және электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегия қалыптастыруы қажет.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Ислам даму банкі жаңа әріптестік стратегиясын әзірлеп жатыр

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ислам даму банкінің президентімен кездесіп, жаңа әріптестік стратегиясын талқылады.

Қазақстанда ұлттық валютаның ресми жазылуы өзгерді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан заңнамасында ұлттық валютаның ресми жазылуы өзгерді. Енді орыс тіліндегі…

Жаңа Конституция күшіне енді: теңге ресми конституциялық мәртебе алды

Бүгіннен бастап республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді. Жаңартылған негізгі заңда теңгенің ұлттық валюта…