Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық аспаздар Қытайдың Циндао қаласында өткен «Ас үй патшасы» халықаралық гастрономиялық байқауында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Олар байқауда ұлттық өнімдер мен дәстүрлі рецептілерді заманауи аспаздық әдістермен үйлестіріп, қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды. Жеңімпаздар кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. Қазақстан құрамасы ШЫҰ елдері арасындағы үздік нәтижелердің бірін көрсетті.
Қазылар алқасы қазақ тағамдарының жоғары сапасын, ерекше безендірілуін және ұлттық дәстүрдің сақталуын жоғары бағалады.

