Categories Ақорда

Тоқаев ғарышкер Талғат Мұсабаевтың отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ZhaiyqMedia ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

— Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын, — деп жазылған жеделхатта.

Ұқсас жазбалар

Оралдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы: жоспар мен іске асу арасындағы алшақтық

Оралдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспардан кешігіп жатыр. Мердігерлер материал жеткізудегі қиындықтарды алға тартып отыр.

Қазақстандықтардың 77,2% президентті қолдайды: КИСИ сауалнамасы

Қазақстандықтардың 77,2%-ы президентті қолдайды. КИСИ сауалнамасы мемлекет басшысына деген сенімнің барлық әлеуметтік топтарда тұрақты екенін…

Олжас Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен инвестиция тарту жолдарын талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен кездесіп, Қазақстанға инвестиция тартудың жаңа жолдарын талқылады.