Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алды

Сурет: Шахмат федерациясы

Халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Марапатты Мемлекет басшысының атынан Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Аида Балаева шахматшының отандық шахмат спортын дамытуға, зияткерлік ойындарды жастар арасында насихаттауға және Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға қосқан үлесін атап өтті.

«ІІІ дәрежелі Барыс ордені бар еді, ІІ дәрежелісін алдым. Енді І дәрежелі орден қалды. Сонда толық кавалер атанамын», – деп жазды шахматшы Telegram-арнасында.

«Барыс» ордені мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдық және әлеуметтік-мәдени қызметке сіңірген еңбегі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі. Бұған дейін, 2024 жылдың қазан айында Республика күні қарсаңында шахматшы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған еді. Ал 2025 жылы 30 желтоқсанда Президент Жарлығымен Бибісара Асаубаеваға ІІ дәрежелі «Барыс» ордені берілді.

Шахматшы жуырда Мемлекет басшысына үндеу жолдап, мемлекеттік наградаға әлі қол жеткізбегенін айтқан. Ол жалақысының үш есеге қысқарғанын және жарыс шығындарын өз қаражатымен төлегенін мәлімдеген болатын. Министрлік марапаттау рәсімі спортшының тығыз кестесіне байланысты кейінге шегерілгенін, таяу арада табысталатынын хабарлаған еді.

Ұқсас жазбалар

Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Астанада Президенттен жаңа Конституцияның арнайы басылымын табыстау рәсімі өтті

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын табыстау салтанатты рәсімі өтті. Экземплярлар Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке үндеуімен…

Астанада полиция формасымен видео түсірген ер адам ұсталды

Астанада полиция формасымен видео түсірген 30 жастағы ер адам ұсталды. Оған әкімшілік хаттама толтырылып, іс…