Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ-тың Инглвуд қаласында өткен кездесуде Канада құрамасы ОАР-ды 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз гол қосымша уақыттың екінші минутында соғылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ойын басынан Канада басымдық танытып, бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Алайда ОАР қақпашысы Уильямс шеберлігін көрсетіп, 21-минутта Корнелиустың жақын қашықтықтан тепкен добын, сондай-ақ Бомбито мен Бьюкененнің соққыларын қайтарды. ОАР құрамасы қарымта шабуылдарға иек артты, бірақ Канада қақпашысы да мінсіз ойын көрсетті.
Екінші таймда Канада шабуылды үдете түсті, ал Уильямс қақпасын сенімді қорғады. Кездесу қосымша уақытқа ұласатындай көрінгенде, 90+2-минутта Стивен Эуштакиу айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, матч тағдырын шешті. Бұл гол Канадаға тарихи жеңіс сыйлап, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама берді.
Енді Канада келесі кезеңде Нидерланд пен Марокко жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ол ойын 30 маусым күні сағат 06:00-де өтеді.

