Categories Әлем

Германияда екінші күн қатарынан температура рекорды жаңарды

Сурет: Euronews видеосынан кадр

Германияда кеше Саксония-Анхальтта 41,5°C болса, бүгін сынап бағанасы 41,7°C-қа көтерілді. Елдегі ең ыстық нүкте – Польшамен шекаралас Бранденбургтегі Низемюнде, деп хабарлайды Bild, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мекленбург-Алдыңғы Помераниядағы Балтық жағалауында аймақтық рекорд орнатылды: Анкламда 39,6°C. Жағажайлар лық толы.

Германияның құтқарушылар қауымдастығы ауа мен теңіз суының температура айырмашылығы қан айналымына зиян тигізуі мүмкін екенін ескертті.

Көршілес Чехияда да бүгін ұлттық рекорд жаңарды: Праганың солтүстігіндегі Доксан қаласында 41,1°C тіркелді. Бұл ресми метеорологиялық желіде 41°C-тан жоғары температураның алғашқы көрсеткіші.

Ұқсас жазбалар

29 маусымда еліміздің барлық қаласында ауа сапасы жақсы болады

«Қазгидромет» РМК 29 маусымда еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай болатынын хабарлады.

Германияда аптап ыстықтан орман өрті 100 гектарға жетті

Германияда аптап ыстық салдарынан орман өрті 100 гектарға жетіп, өрт сөндірушілер 40°C ыстықта күресіп жатыр.

Мажарстанда ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті

Мажарстанда ауа температурасының жаңа рекорды тіркелді. Будапештте термометр бағаны 40 градусқа дейін көтерілді.